Абақтыдан шыққан жамбылдықтар кәсіпкерлікті меңгеруді үйренді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрын істі болған Жамбыл облысының тұрғындарына бизнес жүргізудің қыр-сыры үйретіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының ішкі істер департаменті Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметімен бірлесе отырып, сондай-ақ,  облыстық әкімдіктің жастар саясаты мәселелері басқармасының қатысуымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты, мұқтаж адамдарға әлеуметтік және заңгерлік қолдау көрсету, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, темір тордың аржағынан оралған және пробациялық қызметтерде есепте тұрған азаматтарға көмектесу.

Жиынға пробация қызметінде есепте тұрған 300-ге жуық адам қатысты. Кездесуге шақырылған кесіпкерлік және әлеуметтік бағдарламалар саласының мамандары жиынға қатысушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік және басқа да көмектер көрсетті. «Халықтық бизнес» қоғамдық қоры бұрын абақтыда болғандарға болашақта кәсіпкерліктің қандай түрімен айналысуға болатынын, бизнестегі алғашқы пайда көздерін табу сияқты алғышарттарды түсіндірді.

Ауылшаруашылығы басқармасы, дін істері департаменті, білім басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мамандары жиын қатысушыларына мемлекеттік бағдарламалардың оңтайлы тұстарын айтып өтті.

Биыл сонымен қатар, аудан орталықтары мен елдімекендерге шыққан «Елбасы Жолдауы-жаңғырудың жаңа кезеңі», «Рухани жаңғыру!», «Болашаққа бағдар» автокеруендері кеңес беру алаңдарын ұйымдастырған болатын.

Автокеруен аясында ақпараттық-методикалық материалдар таратылып, шеберлік сабақтары өткізілді. Дін тақырыбы бойынша сауалнамалар алынып, «Адасқандар» және «Тағдыр тәлкегі» спектакльдері қойылды. Пробациялық қызметте есепте тұрған жастармен кездесу өткізіліп, тегін медициналық тексерулер ұйымдастырылды.

Ұйымдастырылған автокеруен аясында  барлығы 20 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар да бар. 

Соңғы жаңалықтар