Абақтыдағы құрылысшы 180 млн теңге ұрлағаны үшін екінші рет сотталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Орал ДизайнСтройСервис» ЖШС-інің бұрынғы құрылысшысы Кеңес Жұмабековке тағайындалған үкім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі елордалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 қыркүйек күні Астана қалалық соты «Орал Дизайн СтройСервис» ЖШС-інің бұрынғы құрылысшысы Кеңес Жұмабековке қатысты  соттың бірінші инстанциялы үкімін өзгеріссіз қалдырды, сотталушының шағымы қанағаттандырылмады.

Айта кетейік, 21 маусым күні Сарыарқа аудандық №2 соты Жұмабековті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 241 және 190-баптары, 4-бөлім, 2 тармағы бойынша кінәлі деп танып, мүлігін тәркілей отырып, 9 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бұған қоса, ол 5 жыл көлемінде құрылыс саласында жұмыс істеу құқығынан да шеттетілді.

Жұмабеков азаматтарға жалған пәтерлер сатумен айналысқан. Сонымен қатар, 29 тамыз күні Сарыарқа аудандық №2 сотына Астана прокуратурасынан Жұмабековке қатысты ҚР ҚК-інің 190-бап, 4-бөлім, 2 тармағы бойынша бұған дейін жеке өндіріске бекітілген  қылмыстық іс жебірілді.

Іс материалдарына сәйкес, Жұмабеков «Оңтүстік шығыс Көктал ауылы» тұрғын үй кешенінің 33 жәбірленушісінен алаяқтық жолмен ақша жымқырған. Келтірілген шығын көлемі 180 млн теңгені құрайды. 

Соңғы жаңалықтар