А вирустық гепатитінің таралуы қай жылдары жоғарылайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - А вирустық гепатитінің 5-6 жылда қайта көтерілуі тіркеліп отырады. Бұл туралы «ҚазАқпараттың» ресми сауалына ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасында 2017 жылдың қорытындысы бойынша А вирусты гепатитінің 583  жағдайы тіркелген, 2016 жылмен салыстырғанда ол 43,5 пайызға жоғары.  А вирустық гепатиті аурушаңдығына циклдық эпидпроцесс тән, яғни оның 5-6 жылда қайта көтерілуі тіркеліп отырады. Осындай көтерілу  2000, 2004, 2007 жылдары болған, ал  кезекті сырқаттанушылықтың жоғарылауы 2016 жылы басталды. Сонымен қатар, оның бір себебі халық арасында иммундалмаған топтың жинақталуында», - делінген ведомствоның мәліметінде.

Комитеттің хабарлауынша, сырқаттану деңгейінің республикалық көрсеткіштерден жоғары болуы  Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Астана, Алматы қалаларында байқалып отыр.

«Тұтастай алғанда, еліміз бойынша А вирустық гепатитінің  қарқынды төмендеуі байқалады, яғни 2000 жылдан бастап 23 256 жағдай,  ал 2017 жылы ауруға шалдығудың 583 оқиғасы тіркелді. Бұл тұрғыда 47 есе төмендегенін байқап отырмыз», - дейді Комитет өкілдері.

Соңғы жаңалықтар