97 жасқа толған күні биіктігі 500 метрлік мұнарадан секірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Гарри Уолен Торонтодағы CN Tower телевизиялық мұнарасының 500 метр биіктіктегі «серуен құратын» алаңшасынан секірген ең қарт адам атанды. 

Экстремальды саяхат жасау арқылы қарт өзінің  97 жасқа толуына сый жасады.

Қарт  60 жастағы қызы мен екі тинейджер-немересімен бірге Уолен сақтандыру арқанына  бекітіліп, 116 қабаттағы карниздің шетіне шығып қос қолын жайды да белгісіз бағытқа қалықтап кете барды.

97 жастағы экстемаль биіктіктен ешқашан қорықпағандығын айтады. Өйткені өмірінің басым бөлігін канадалық зәулім ғимараттардың құрылысын салуға арнаған.

Айта кеткен жөн, бұлтпен астасқан биіктіктерді бұл бірінші бағындыруы емес. Алғашқы рекордты 92 жасында тап осы алаңда орнатқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар