94 жастағы әжей шөбересін кунг-фуға жаттықтырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы Чжэцзян провинциясында тұратын әжей кунг-фумен шұғылданады, деп жазады Daily Mail.

Чжан Хэсянь (Zhang Hexian) жауынгерлік спорт түрімен төрт жасынан бастап шұғылданған. Есейе келе Нинбо қаласында тұратын өзге жандарды да үйрете бастаған. Қазіргі уақытта зейнеткер күн сайын спортпен шұғылданады, ал қару ретінде ағаш таяқты пайдаланады. Әжей өзінің баласымен бірге дайындалады, сондай-ақ шөбересін де бұған үйретуде.

Хэсянь өзін сергек сезінеді және денсаулығының күштілігімен де ерекшеленеді.

Жергілікті тұрғындар оны «рыцарь - әйел» деп атайды.

Әжейдің айтуына қарағанда, жас кезінде бейтаныс адамның әйелін ұрып жатқанының үстінен шыққан. Әлгінің кеудесінен бір рет соққанда сабазың есінен танып қалған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар