90 жастағы әжей тойдағы биімен халықтың сүйіспеншілігіне бөленуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 90 жастағы әжейдің биі Қазнетті пайдаланушылардың сүйіспеншілігін туғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақтың ұлттық киімін киген әжейдің биі Инстаграм әлеуметтік желісіне орналастырылды. Роликтен қарияның той барысында билеп жатқанын көруге болады.  Аяғы мен қолдары күй ырғағына үйлесе қозғалған әжейге тойға жиналған қауым қошемет білдіріп, ризашылықтарын білдіріп тұрды. Өнерімен қазақстандықтарға үлгі көрсеткен қазыналы қариямызға Интернетті пайдаланушылар да сүйіспеншіліктерін білдіруде.

Олар: «Әжеміз 100-ге келсін!», «Би деп осыны айт!», «Жастардың тойда секендеп билегенінен, апаның биін сүйсініп көріп отырмын. Анама апаның жасын берсін!», «Нағыз қазақ биі», - деп жазуда.

Әжейдің Қазнетте танымалдылығы сағаттап арту үстінде. Бейнетүсірілім орналастырылған 10 сағаттың ішінде оны 13 мыңнан астам адам көріп үлгерді. 

Керемееет😍😍😍 90 -дағы апаның орындауындағы қазақ биі 👏👏👏 #қарияларымызаманболсын ___________________________________________________ОТПРАВЛЯЙТЕ ВИДЕО В ДИРЕКТ! ......... #Шымкент #Актау #Атырау #Актобе #Тараз #Кызылорда #Кокшетау #Семей #Караганда #Орал #Талдыкорган #Алматы #Петропавловск #iloveshymkent #Павлодар #Астана #Қазақелі #Қазақстан #Қызылорда #Қарағанды #Талдықорған #Өскемен #Маңғыстау #Қостанай #Жезқазған #той #тойда

Видео опубликовано @iloveshymkent Дек 8 2016 в 11:49 PST

Соңғы жаңалықтар