9 желтоқсан - маңызды оқиғалар күнтізбесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 желтоқсанда Астана мен Алматыда бірқатар шаралар өтеді. «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі маңызды оқиғалардың тізбесін ұсынады.

Таңғы сағат 10.00-де Астанадағы «Сарыарқа» фитнес орталығында суда жүзуден балалар арасындағы «Жас дельфин» атты жарыс өтеді. Аталған шара Тәуелсіздік күніне арналып отыр.

Тура осы уақытта Оқушылар сарайында Dota 2 киберспорт ойыны бойынша алғаш рет «Independence Cup» - «Тәуелсіздік кубогы» чемпионаты ұйымдастырылады. Оған қала мектептерінің оқушылары қатысады.

Ал Forte bank-тің (Достық көшесі, 8/1) бас кеңсесінде «IoT Networking Day» конференциясы өтеді. Аталған шараға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен телекоммуникациялық компаниялардың өкілдері қатысады. Конференция мәжілісі де сағат 10.00-де басталады.

11:00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаттарына құрмет көрсету салтанаты өтеді.

11:30 ҚР Ұлттық музейінде (Тәуелсіздік даңғылы, 54,2) «Қазақстанның ұлттық география қоғамы» РҚБ мен Орыс география қоғамының бірлескен фотокөрмесі ашылады. Тақырыбы - «Ең әдемі мемлекет». Сол жерде конкурс жеңімпаздары да марапатталады.

Ал кешкі сағат 19:00-де «Radisson Hotel Astana» қонақ үйінде Х мерейтойлық Қысқы қайырымдылық балы өтеді.

Алматыда Халықаралық әуесқой грепплинг қауымдастығының құрылтайшылар конгресі өтеді. Ұйымды қазақстандық және шетелдік грепплинг федерациялары құрып отыр. Мәжіліске ADCC (Abu Dhabi Combat Club) де қатысады. Аталған құрылым греплингті кәсіби деңгейде дамытумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар