84 мың павлодарлық шетелге көшіп кеткен

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2000-2016 жылдары Павлодар облысынан 84 019 азамат көшіп кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодар облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының ақпаратына сүйенсек, өңірге қайтып көшіп келгендер саны 5 есе аз. Еліміздің бұл өңірінен көшіп кеткен адамдардың жасы 30-40 шамасында және одан кіші. Ал жасы келген адамдар аз қоныс аударуда.

Облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары Ермек Сатыбалдиновтың айтуынша, «қоныс аударушылардың көпшілігі қалалық аумақтан: Павлодар, Екібастұз, Ақсудан. Ауылдық жерлерден өте сирек көшеді».

Оның пікірінше, осыған қарамастан иммиграция және эмиграция процесі халық санына еш әсер етпейді: «Бұл - сыртқы көші-қон процесі. Ол әрдайым бола бермек».

Шетелге қоныс тепкен 84 019 адамның 51 432-сі Ресейге көшкен. Былтырғы жылы қоныс аударғандардың 89 пайызы Ресей Федерациясына кеткен.  

Соңғы жаңалықтар