800-ге жуық шымкенттіктің үйі орналасқан жер мемлекетке қайтарылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Ағымдағы жылы Шымкент қаласында жалпы аумағы 588,8 гектар жер телімі мен 785 жылжымайтын мүлік орналасқан жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Шаһардың бас жоспарына арналған мәселелер бүгін қала әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қасымбек Сайлауовтың сөзінше, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы үшін «Евразия» базары маңындағы жерлер мемлекетке кері қайтарылуда. Сонымен қатар, саябақтар мен гүлзарлар құрылысы үшін Көмешбұлақ тұрғын алабынан, жол құрылысын салу үшін «Тұран» шағынауданынан жер учаскелерін қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қонаев даңғылы мен Өтегенов көшесі, Оңтүстік айналма жолы мен Бәйтерек көшесі, Алматы айналма тас жолы бойындағы жер телімдері де мемлекеттің қажеттілігіне алынбақ.

«Ең бастысы, әкімдік қызметкерлері жергілікті тұрғындармен өзара тығыз байланыста жұмыс істей білгені жөн.  Яғни, меншік иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, қажет болған жағдайда сотқа жүгінуге болатынын да ескертуі тиіс. Тұрғындар өз меншігін асыра жоғары бағалап, мәселені ушықтыра түспеуі керек. Біле білгенге, Астана мен Алматы қалаларымен салыстырғанда Шымкенттегі жер телімдерінің бағасы әлдеқайда төмен. Сөйте тұра, мемлекет мұқтаждығы үшін біздер меншік иелеріне аталған қалалармен бір деңгейдегі бағаны ұсынудамыз», - деді шаһар басшысы Нұрлан Сауранбаев.

Соңғы жаңалықтар