800-ден астам қазақстандық студент Польшада білім алып жатыр - Дархан Мыңбай

None
None
АСТАHА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай Польша Республикасы Ішкі істер министрлігі және әкімшілігінің мемлекеттік хатшысы - Репатриация істері жөніндегі комиссар Себастьян Хвалекпен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Польша арасындағы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, этносаралық қатынастар саласындағы саясатты және өзара іс-қимылды жүзеге асыру, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған түрлі шараларды бірлесе ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Дархан Мыңбай сөз басында екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін және оны әрі қарай дамыту қажеттілігін атап өтті.

null 

«Биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде барлық салаларда жақсы серіктестік қарым-қатынасқа қол жеткіздік. Әрине, олардың ең маңыздысы сауда қатынасы мен экономикалық байланыс болмақ. Мұның барлығы мемлекеттер арасындағы тығыз байланыстың орнауына септігін тигізді», - деп атап өтті ол.

ҚХА төрағасының орынбасары бүгінде елімізде Қазақстан поляктарының одағы жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті. Аталмыш одақтың бөлімшелері республиканың барлың өңірлерінде құрылған.

«Қазақстан аумағында поляктардың жеті этномәдени бірлестігі жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда поляк тілі көптеген мектептерде оқытылуда. 800-ден астам қазақстандық студент Польшада білім алып жатыр. Бұған білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім ықпал етуде. Біз бұл істі одан әрі дамытуды көздеп отырмыз», - деп атап өтті Дархан Мыңбай.

null 

Польшаның ІІМ және әкімшілігнің бас хатшысы өз кезегінде Қазақстанның Польша үшін маңызды серіктестердің бірі екендігін атап өтті.

«Биыл Президенттің, Сенат вице-спикері мен түрлі министрлердің Қазақстанға сапар шегуі - осының айқын дәлелі. Білім беру саласынан бөлек, интерпол желісі бойынша қауіпсіздік, екі ел арасында жасалған келіссөздер аясындағы ынтымақтастық маңызды болмақ», - деді Себастьян Хвалек.

null 

Сондай-ақ, Себастьян Хвалек осы жолғы сапарында тағдырдың қалауымен Қазақстанда өмір сүріп жатқан қандастарының хал-жағдайын білу үшін поляктар қоныстанған өңірлерге ат басын бұратынын жеткізді.

null 

Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігі туралы пікірлер алмасты. 

Соңғы жаңалықтар