80 жастағы алматылық қарияны көлік қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 80 жастағы қарияны көлік апатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты Өтеген батыр көшесінің Райымбек батыр мен Төле би көшелерінің арасындағы бөлігінде болды.

Тойота көлігі Өтеген батыр көшесімен солтүстікке бағыт алып бара жатқанда тыйым салынған жерден қарт кісі жолдан жүгіріп өтпек болған.

Көлік дер уақытында тежегішті басып үлгермей ер адамды қағып кетті. Соққыдан 80 жастағы қария сол жерде жан тәсілім етті.

Оқиғаның жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.







Соңғы жаңалықтар