8 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, айтарлықтай қар жауады, түнде оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты мөлшерден көп түседі, тек еліміздің батысында және солтүстік-шығысында күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола облысының  кей жерлерінде тұман түседі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел  15-20,  кей жерлерде 25 м/с  күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Маңғыстау облысында, күндіз Қызылорда облысының  кей жерлерінде жел  бұрқасынмен 15-22  м/с  күшейеді.

Қостанай облысында бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан  облыстарында, күндіз Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының  кей жерлерінде түнде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.

 

Соңғы жаңалықтар