8 желтоқсан күні қандай маңызды шаралар өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі оқырман қауымға 8 желтоқсан күні өтетін маңызды шаралар легін таныстырады.

Астана қаласы

Сағат 09.30-да «Гранд Парк Есіл» отелінде ҚР Энергетика министрлігі мен БҰҰ даму бағдарламасының «Жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасын жүзеге асыру және «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын институционаландыруда ҚР Үкіметіне қолдау көрсету» жобасы бойынша қорытынды семинары өтеді.

Сағат 10.00-де Rixos President Astana отелінде «Қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар және халықаралық ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында халықаралық конференция болады.

Сағат 10.30-да Сенатта Конституциялық заңдылық, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің «ҚР бірқатар конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» кеңейтілген мәжілісі өтеді.

Сағат 11.00-де Астана қаласы әкімдігі ғимаратында елорданы көшіру күніне орай «Астана - Қазақстан Республикасының астанасы» тақырыбында пошта маркасына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақстан әлем фотосуретшілерінің көзімен» кітап фотокөрмесінің таныстырылымы болады.

Сағат 11.30-да Үкімет үйінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаевтың және ҚР Инвестициялар және даму министрлігі инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиеваның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 13.00-де «Mega Silk Way» сауда ойын-сауық орталығында «Астана» велокомандасы таныстырылады.

Сағат 14.30-да Hilton Astana отелінде Халықаралық адам құқығы күні қарсаңында және «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» жыл сайынғы шарасы аясында ҚР Бас прокуратурасы «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу - Қазақстанның тұрақты дамуына қол жеткізудегі нақты қадамдар» деген тақырыпта конференция өткізеді.

Сағат 15.00-де «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалдау» АҚ және «KTZ Express» клиенттері үшін қызмет сапасын жақсарту мақсатында «Бірыңғай терезе» ашылады.

Сағат 15.00-де «ҚР Ұлттық архиві» РМК «Рухани жаңғыру - рухани мәдениетіміздің дамуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Үшқоңыр» кітабының тұсауы кесіледі.

Сағат 15.00-де «Қазжол» мейрамханасында Қазақстанда бірінші рет Hakaton Human Rights Day пікірталасы болмақшы.

Сағат 17.00-де «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концерт қойылады.

Сағат 17.00-де Astana Music Hall-да (Бауыржан Момышұлы даңғылы, 1) ҚХА қайырымдылық ұйымдары өкілдері мен донорлардың республикалық съезін өткізеді.

Сағат 17.00-де ҚР Бас прокуратурасы Қазақ мемлекеттік заң университетінде қазақстандық сотталғандар туралы алғаш рет «Өз бостандығыңа өзің еңбек сіңір» тақырыбында фотокөрме өткізеді.

Сағат 18.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Қазақстан» концерт залында тұңғыш рет әдеби-музыкалық бал өткізеді.

Сағат 19.00-21.00 аралығында Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігі Халықаралық адам құқығы күніне орай қабылдау және «Еуроодақ пен Орталық Азия ынтымақтастығы адамдар бейнесінде» атты фотокөрме өткізеді.

Алматы қаласы

Сағат 10.00-де ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Әділет» тарих-ағарту қоғамы, «Кенесары хан» қоғамдық қоры, Шыңғыс хан атындағы халықаралық академиясы, сондай-ақ «Ғылым ордасы» РМК-мен бірлесе отырып, Кенесары Қасымовтың 215 жылдығына және ол бастаған ұлт-азаттық көтерілістің 180 жылдығына арналған «Хан Кене - мемлекет тәуелсіздігінің белгісі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Сағат 10.00-де Intercontinental қонақүйінде Қазақстан агроөнеркәсіп саласындағы инновацияларға арналған Орталық Азия агротехнологиялық саммиті-2017 болады.

Сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Чунцин қаласы (ҚХР) халық үкіметі ұйымдастырған «Чунцин келбеті» фотокөрмесі ашылады.

Сағат 10.00-де Достық үйінде ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сарапшы тобымен бірлесіп, «Қазақ қарпін латынға көшіруді жүзеге асырудың әлеуметтік-саяси мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.  

Сағат 10.00-де Ұлттық кітапхана ғимаратында Қазақстан мұсылмандарының VІІІ құрылтайы басталады.

Сағат 15.00-де Ә.Марғұлан атындағы археология институты мен Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Қазақстанның сакральды географиясы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде Руслан Абдрафиковтың А la prima көрмесі ашылады.

Сағат 16.00-де А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі балет тарланы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Рамазан Баповқа арналған «Мәңгілік ел» патриоттық шарасын өткізеді.

Алматы облысы

Қапшағай қаласында «2017-2021 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбында пресс-тур болады. 

Соңғы жаңалықтар