8 наурыз мерекесіне орай 5 әуе компаниясы тек әйелдерден құралған экипажбен рейске шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Lufthansa Group-тың 5 әуе компаниясы (Lufthansa, SWISS, Austrian Airlines, Eurowings және Brussels Airlines) Германия астанасына тек әйел адамдардан құралған экипажбен рейске шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат eturbonews.com. сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Франкфурттен, Мюнхеннен, Дюссельдорфтан, Венадан, Цюрихтен және Брюссельден Берлинге ұшатын әуе рейстерін ұшқыш арулар басқаруда.

Басқарушы директор Беттин Волкенстің айтуынша, соңғы жылдары әуе компаниясы нәзік жанды ұшқыш курсанттардың санын көбейтуде. Қазіргі таңда Lufthansa, SWISS, Austrian Airlines, Eurowings және Brussels Airlines компаниясындағы кіші санатты ұшқыштардың 15 пайызы қыздардан жасақталған.

Айта кетерлігі, соңғы жылдарда бүкіл әлем бойынша әйел ұшқыштардың үлес салмағы азаматтық авиация сапында үздіксіз артып келеді екен.

Фото: dayonline.ru

Соңғы жаңалықтар