8 наурыз қарсаңында Астанаға 9 тонна гүл жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурыздан бері Астанаға ұшақпен құны 31 миллион теңге болатын гүл жеткізілген. Мұндай деректі «ҚазАқпарат» ХАА сауалына жауап ретінде Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Мекеме деректеріне сүйенсек, Астанаға жалпы салмағы 8,6 тонна қызғалдақ, раушан, қалампыр, бақытгүл, лалагүл, гербер және орхидея гүлдері жеткізілген. Гүлдер Эквадордан, Кениядан, Нидерланды, Израиль, Литва және өзге елдерде өсірілген.

Салыстырып қарағанда, қаңтар-ақпан айларында Астанаға жалпы сомасы 13,5 миллион теңгеге 10 әуе компаниясы гүл тасымалдаған. Гүлдердің жалпы салмағы 6,3 тонна болған.

Бұған дейін «ҚазАқпарат» ХАА қазақстандық әйелдердің қандай гүлді қош көретінін жазған еді . Жыл сайын Қазақстанда 8 наурыз қарсаңында ондаған миллион доллардан астам сомаға гүл сатылады.

Соңғы жаңалықтар