8 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА 8 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

АСТАНА

10.00 ҚР Әділет министрлігінде министр Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен алқаның кеңейтілген мәжілісі өтеді.

10.00 Астана қаласы әкімдігінің  баспасөз орталығында «Астана қаласының денсаулық сақтау саласын цифрландыру» тақырыбында  баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Болат Төкежановтың төрағалық етуімен мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің өзін өзі ұстауы мен әдептілікті сақтау тақырыбында жиналыс өтеді.  Жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппараты мен комитеті, әдеп жөніндегі жауапты мемлекеттік органдар, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, азаматтық сектор мен денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақтың Орталық кеңесі мүшелері қатысады деп күтілуде.

11.00 Мәжілісте «Табиғи монополиялар» үкіметтік заң жобасының таныстырылымы өтеді деп күтілуде.

11.00 Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР мен Дүниежүзілік Банктің заңдылықты сақтау секторын институционалдық бекіту жобасы Келісімі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00 Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановтың қатысуымен «Help Today» қоғамдық қорының «Мен - жеңімпазбын!» қайырымдылық жобасының таныстырылымы өтеді. 

 11.30 Отан Қорғаушылар алаңында 1992-2001 жж. аралығында тәжік-ауған учаскесінде ТМД сыртқы шекарасын қорғау бойынша әскери тапсырмасын орындаған қазақстандық жеке қосынды атқыштар батальонының Тәжікстан Республикасынан шығарылғанына 17 жыл толуына орай салтанатты жиын өтеді.

12.20  Орталық коммуникациялар қызметінде «Хабар» агенттігі қызметінің 2017 жылдағы қорытындысы, 2018 жылдағы жаңа жобалар мен жоспарланған шаралар» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. 

15.00 «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты ғимаратында тәжік-ауған учаскесінде ТМД сыртқы шекарасын қорғау бойынша әскери тапсырмасын орындаған қазақстандық жеке қосынды атқыштар батальонының Тәжікстан Республикасынан шығарылғанына 17 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтеді.

15.00 Мәжілістің аграрлық мәселелер комитеті Сапархан Омаровтың төрағалық етуімен Ақмола облысы, Шортанды елді мекенінде көшпелі отырыс өтеді.

15.50 Мемлекеттік кірістер комитеті  «Арнаулы салықтық режімдер» тақырыбында  брифинг өткізеді.

16.20 Орталық коммуникациялар қызметінде «Конституциялық құндылықтар - қоғамды және мемлекетті жетілдіру негіздері» тақырыбында баспасөз мәлихаты өтеді.

 АЛМАТЫ

10.00 Қазақстандық биржа қоры (KASE) 2018 жылы қаңтарға дейінгі қазақстандық биржа нарығы жұмысының статистикалық ақпаратын таныстыру жайлы дәстүрлі медиа-брифингін өткізеді. 

10.00 Алматы қаласының ипподромында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында тұңғыш рет құсбегілердің Республикалық "Қыран-2018" турнирі өтеді.

11.00 Алматы қалалық өңірлік коммуникация қызметі алаңында «Қоғамдық орындардағы туберкулез ауруының таралуы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

14.30 Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Ерлікке тағзым» атты Чернобыль АЭС-індегі апат құрбандарын еске алуға арналған жиын өтеді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

11:00 Өңірлік коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Б.Есқараев  басқарманың жаңа міндеттерімен таныстыру жөнінде  баспасөз мәслихатын өткізеді.

12:00 Өңірлік коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б.Нарбекованың қатысуымен басқарманың жаңа міндеттерімен таныстыру және  мемлекеттік жастар саясаты саласының 2017 жылы жүзеге асырылу барысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

11:30 «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында  Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдаланушылар туралы «Жаңа кодекс - жаңа мүмкіндіктер» атты  өңіраралық форумы өтеді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

15.00 Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысында қысқы мерзімнің өтуі жағдайына байланысты Облыстық ТЖД басшысы Алексей Советовтың қатысуымен брифинг өтеді.

15.30 Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы саласындағы цифрландыру» тақырыбында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың қатысуымен брифинг өтеді.

Соңғы жаңалықтар