75 мың қызылордалыққа ЭКСПО көрмесіне квота бөлінді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Астанада өтетін ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесіне баруға Қызылорда облысы үшін 75 мың адамға квота бөлінді. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұржан Өмірсерікұлы мәлімдеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, елордадағы Дүниежүзілік көрмеге Қызылорда өңірі үшін 75 мың адамға квота бөлінген. Бұл облыс тұрғындарының 10 пайызын құрайды. Қазіргі таңда көрме билеттері 6 - 8 мың теңге көлемінде сатылымға шықты.

Сондай-ақ ЭКСПО-ға 181 еріктіні қатыстыру жоспарланған. Оған қаладағы жоғарғы оқу орындары мен колледждерден үш тілді еркін меңгерген студенттер іріктеп алынды.

«Облыс көлемінде көрмені насихаттау мақсатында 79 сюжет, 150-ден аса материал жарияланды. Ресми логотип қаладағы 112 қоғамдық  көлікке, «Қайсар» және «Байқоңыр» футбол клубтарының формаларына орналастырылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасында өткен үкіметаралық комиссияда шетел азаматтарына «Байқоңыр» кешеніне кіруге рұқсат алуды 45 күннен 10 күнге дейін қысқартуға қол жеткіздік. Байқоңыр қаласындағы «Крайний» әуежайы күрделі жөндеуден өтіп, үлкен ұшақтарды қабылдай алатын мүмкіндікке ие болды», - дейді Н.Өмірсерікұлы.

Соңғы жаңалықтар