7 желтоқсандағы маңызды оқиғалар тізбесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА 7 желтоқсанда елімізде болатын маңызды оқиғалар тізбесін ұсынады.

АСТАНА

9.00-де The St.Regis Astana қонақүйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен «Қазақстандық туристік азық: алға жылжу мен қалыптасу» тақырыбында конференция өтеді.

9.00-де Тәуелсіздік сарайында (Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 52, 3 қабат, Көрме алаңы) «IoT Forum Astana 2017» өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

10.30-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық адам құқығын қорғау күніне орай «Адам құқығы мемлекет пен қоғам дамуының үйлесімді негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

10.00-де Тұңғыш Президент Кітапханасында Елбасы ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының ұйымдастыруымен «Жаңғыру және ұлттық дамудың жолы: болашаққа шақыру мен тарих сабақтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

10.00-де «Хилтон Астана» қонақүйінде Орталық Азия елдеріндегі шекаралас аумақтардан өтетін суды бекіту жөніндегі ұсыныстар талқыланатын су саясаты жөніндегі Ұлттық диалог бойынша кеңес өтеді.

10.00-де «Comfort Hotel Astana» Қазақстан халықы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің республикалық форумы өтеді.

10.00-де Қазақстан Респуликасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мәжіліс депутаттарына агроөндірістік кешендерді реттеу мәселелері туралы заңға енгізілетін өзгерістер енгізу туралы жобасын ұсынатын болады.

13.00-де «Marriott Astana» қонақүйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы мен ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Рыскелдіұлының қатысуымен Қазақстан Респуликасы Жеңіл атлетика Федерациясының кезектен тыс конференциясы мен 2017 жылғы спорттық қортындылар салтанатты түрде аталып өтіледі.

12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде « Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша несиені кепілдендіру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

14.30-да бизнестің заңды мүдделері мен құқының сотта қорғалуының тиімділігін аттыруға арналған форум өтеді.

14.30-да «Нұр Отан» партиясының сайлауалды «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты бағдарламасының «Аграрлық сектор» бағыты бойынша комиссияның отырысы өтеді.

15:00-де Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия Үкіметінің берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы кеңейтілген отырысы өтеді.

15:00-де Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының «Қазақстандағы экологиялық мәселелерді шешу үшін қоғамдық ұйысу» тақырыбында дөңгелек үстел форматындағы алғашқы отырысы өтеді. Шара аясында қоршаған ортаны қорғауға байланысты өзекті сауалдарды талқылау мен Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығына жаңа мүшелерді қабылдау болады.

16.00-де Астана қалалық Мемлекеттік мұражайында еліміздің бас қаласын Астанаға көшіруге 20 жыл толуы қарсаңында «Тоғыз жол торабындағы Астана» атты фотодеректі көрменің ашылуы өтеді.

АЛМАТЫ

10:00-де Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде «ORGANIC FUTURE17» форумы өтеді.

10:00-де «IITU Robocon Games»! оқушылары арасында робототехника бойынша үшінші чемпионат өтеді.

11:00-де Адам құқығы мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстанның халықаралық бюросында «Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жоғары білім алуы құықтарының жүзеге асырылуы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Бұл шара «Халықаралық адам құқығы күні» мен «Халықаралық мүгедектер күніне» орай ұйымдастырылып отыр.

11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғырудағы ақпарат құралдарының миссиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

11:30-де Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметінде әлеуметтік-экономикалық дамудың қортындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

12:00-де Қазақстанның баспасөз клубында Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Қазақстандағы аз қорғалған топқа заңгерлік көмек көрсету жүйесін жетілдіру жобасы бойынша зерттеулердің қортындысын таныстыру мақсатында баспасөз мәслихаты өтеді.

КӨКШЕТАУ

11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалдарының 2017 жылдың 9 айының қорытындылары» тақырыбында брифинг өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

11.00-де «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалында «Білім» бағыты бойынша партияның сайлауалды кураторының көшпелі отырысы өтеді.

ОҚО

11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Индустриялдық аймақтарды басқарушы компания» бас директоры Н.Бегулиев орталықтың 2017 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары бойынша брифинг береді.

12:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АО ОҚО бойынша филиалы - Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры Д.Исабеков жер уческесін рәсімдеу, құжаттарын реттеу және жылжымайтын мүліктің техникалық құжатын рәсімдеу ережелерімен таныстырып, департаменттің 10 айда атқарған жұмыстары бойынша брифинг береді.

12.00-де «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында (Бейбітшілік көш., №3) Құқық қорғау қызметтерін көрсететін орталықтың ашылуы өтеді. Құқық қорғау қызметтер орталығы - ол азаматтарды әуре-сарсаңға салмай ашық, жариялы түрде құқықтық көмекті бір орында көрсету.

Соңғы жаңалықтар