7 жастағы ақтөбелік әлемдік рекорд орнатуға дайындалуда

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының 7 жастағы тұрғыны Муса Туркумбаев 55 рет турникке тартылып, 1600 рет кеудені жерден көтере алады. Ол бұл рекордтық көрсеткішін әлем алдында дәлелдемек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Муса Туркумбаев 3 жасынан бастап спортпен шұғылданды. Ол өзге балалар секілді асыр салып ойнайды, бірақ турникке тартылғанды ұнатады. Ағаштың бұталарына, тұрғын үй ауласындағы турникке ілініп, тартылғанды ұнататын бала өз ынтасымен елді таңқалдырып жүр.
Тек бұғанасы қатпаған Мусаға әлі кәсіби спортпен шұғылдануға болмайды. Сондықтан әкесі Асхат Туркумбаев бар уақытын балаға арнап, қазір арнайы спорт залға апарып жүр. Әкесінің қамқорлығындағы бала көктемде жаңа рекорд орнатуға дайындалып жатыр.

null 

«Муса кішкентай балалар, ересектер жасай алмайтын дене жаттығуларын көрсете алады. Бәрін өзі бейнероликтерден көріп, қарап, үйренеді. Қазіргі кезде күнделікті 35 рет турникке тартылады.  Ал рекорды - 55. Күніне 300-500 рет кеудені жерден көтереді. Ал бұл жаттығуды 1600 рет орындап, рекорд істей алады. Жаттығу жасаған, спортпен шұғылданған өзіне ұнайды. Замандастары компьютерден, планшеттен көз алмай отырады, ал Муса далада жүреді. Телефонға 1 сағатын ғана бөледі»,- деді Асхат Туркумбаев.

 

Публикация от МУСА маленький СИЛАЧ💪💪💪💪💪 (@musaturkumbaev) Дек 2 2017 в 11:48 PST

Муса Туркумбаева Ақтөбе қаласындағы №23 орта мектепте оқиды. Сабақ үлгерімі жақсы, қазақ, орыс тілдерін еркін меңгерген. 1 сынып оқушысын ата-анасы гимнастика, у-шуға апарды. Бірақ Муса зерігіп, жаттығуға барудан бас тартқан.

null 

«Таяуда Астана қаласындағы спорт орталығының ашылуына барып келді. Сол кезде UFC шебері, балуан Артем Лобов,  Street Workout федерациясының вице-президенті Ислам Бадургов, аға жаттықтырушы Айтым Жақыпов, дзюдодан Франция чемпионы, Еуропа Кубогінің чемпионы, ММА шебері Абукар Яндиев келіп, кездесті. Әлем бойынша стрит воркаут, яғни, көше спортымен айналысатын балалар аз. Ең жасы Муса. Бәрін қарап, бақылап отырамыз. Әлемдік рекорд Украинада орнатылған екен. Біз оны жаңартуды көздеп отырмыз. Үстіне салмақ қоспай 55 рет, салмақ қосып 20 рет тартылуды жоспарладық. Астанаға барған соң бізді спортшылар танып, Лос Анджелестен хабар күтіп отырмыз. Баламның кәсіби спортпен айналысқанын қалаймын. Жаңа жол ашылса, біз де баламыздың жанында болып, оған қолдау көрсетеміз»,- деді Муса Туркумбаева.

Айта кетейік, кішкентай спортшы тамақ талғамайды, бірақ ет жегенді ұнатпайды. Таңертең арнайы ботқа жейді. Салмағы 23 келі болатын спортшы тәттіге құмар. Ата-анасы тәттіге шектеу қойған емес.

null 

«Жазда Муса жарысқа түскен болатын. Кеудені жерден көтеруден 20 жастағы баламен сынға түсіп, жеңіп шықты. Баламыздың ынтасы мен мүмкіндіктерін қалт жібермей, оны тәрбиелегіміз келеді. Бокс, еркін күрес мектептерінен хабарласты, бірақ өзі дзюдоны, стрит воркаут қалап отыр. 10 жасқа келген соң өзі қалаған спортпен шұғылданады. Таланттың шын бағаланғанын қалаймыз»,- деді әкесі А.Туркумбаев. 


Муса түрлі жаттығу жасап, дене жарақатын да алды. Ата-анасының айтуынша, 4 жасында қолын сындырып, дәрігерлердің бақылауында болған. Бір қолы гипспен бекітілгеніне қарамастан ержүрек бала жаттығуын тоқтатпаған. Енді ол әлемді мойындатуды қалайды. 

null null null null 

Соңғы жаңалықтар