7 жасар баланың өліміне себепкер болған Қызылордалық шекарашыларға қатысты сот үкімі шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 7 жасар баланың өліміне себепкер болған Қызылордалық шекарашыларға қатысты сот үкімі шықты. Шымкент гарнизоны әскери сотында үш күн бойы қаралған сот отырысы барысында бес шекарашы  Қылмыстық кодекстің 445 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі қағидаларды бұзу» және 462 «Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу» баптарымен айыпты деп танылып, түрлі мерзімдерге сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
Атап айтқанда, Қызылорда шекара отряды 2019 әскери бөлімінің  аға лейтенанты Рахымжан Түзелов 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қоныс колониясында өтейтін болды. Ал, оның қарамағындағы төрт шекарашыға 1 жыл шартты жаза тағайындалды. Кінәлі деп танылған шекарашылардың барлығының да әскери шені тартып алынды.  

null

Еске салайық, оқыс жағдай осы жылдың 8-ші ақпан күні болған еді. Ойын баласы әкесінің қызметтік қаруынан ажал құшқан. Осы оқиғаға қатысы бар бес шекарашының үстінен қылмыстық іс қозғалып,  тергеу шаралары жүргізілген болатын. Сот отырысы барысында қарудан қаза тапқан баланың ата-анасы шекарашыларға кешірім берген еді. Алайда, бұл әскерилерге жаза тағайындауға кедергі келтірмеді. 
null

Соңғы жаңалықтар