7 сәуір күні ел аумақтарында тұман түсіп, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат   - 7 сәуір күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болуы ықтимал. 

Кей жерлерде  тұман болып, жел күшейеді, шығыста көктайғақ, оңтүстікте шаңды дауыл сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Қостанай облысында жел 18 м/с күшейеді.  

Түнде және таңертең Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болды.

Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. 

 

Соңғы жаңалықтар