7 метрлік бесік, қоқыстан жасалған сəукеле: Алматыда идеялар жəрмеңкесі өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Орталық Азияда алғаш рет Mini Maker Faire-2018 атты идеялар жәрмеңкесі өтті. Онда жүздеген жас ізденушілер мен қолөнер шеберлері өз тың идеяларын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Идеялар фестиваліне Орталық Азияның бес елінен және Ауғанстаннан келген қатысушылар робот техникасынан - Тесла катушкасы және электронды тоқыма өнімдеріне дейінгі 60-тан астам жобаны ұсынды.

Ұйымдастырушылар - АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы өкілдерінің айтуынша, жас инженерлерді, компьютер ізденушілерін, суретшілерді маңызды жобаларды жасауға шабыттандырудың Қазақстан қоғамына берер жемісі мол.

«Өз арманын жаңа технологиялар арқылы жүзеге асыруды қалайтын жастарды жас өнертапқыштар - жаңа «Томас Эдисондар» деп атауға болады. Мұнда Түрікменстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, бүкіл Қазақстаннан жиналған жас дарын иелері жиналған. Олар тек ақпарат алмасып, технологияларды жай ғана пайдаланумен шектелмейді, бүгінгі таңда біз душар болып отырған өзекті мәселелердің жаңа шешімдерін де ұсынады», - дейді АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джордж Крол.

Фестивальда көз тартатын айтулы жобалардың бірі - металдан жасалған алып бесік болды. Биіктігі үш метр, ұзындығы жеті метрге жететін бесікке жиырма адам сыяды. Жоба авторы Арайлым Жұмаділлаеваның айтуынша, алып бесік - барша тіршілік иесінің туу және жаңаруының символы.

Бұдан бөлек, автор тағы бір инсталляциясын - қоқыстан жасалған 12 сәукелені ұсынды. Сәукелелерді жасауға пластик бөтелкелер, ескі киімдер, полиэтилен пакеттер, қораптар пайдаланылған.

Фестивальда «музыкамен жүретін» велосипед, «Жанды суреттер», қолдан құрастырылған 3D-принтер, баламалы энергия көздері мен электрдің жұмыс істеу принципін көрсететін «Green energy kit» жобасы секілді таңғажайып өнертабыстарды көрген қонақтардың таңданысында шек болмады.

null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null 

Айта кетейік, алғашқы Maker Faire 2006 жылы Калифорнияда өткен. Содан бері әлемнің 44 қаласы, соның ішінде Сеул, Мәскеу, Дели новаторлар фестивалін өткізді. Almaty Mini Maker Faire жәрмеңкесі технологиялар саласындағы белсенділердің, кәсіби мамандар және кәсіпкерлердің өңірлік желісін құру мақсатында өткізілді.

Соңғы жаңалықтар