7 қарашада ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Тек батыста, оңтүстікте, солтүстікте және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

 Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ. 

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түсуі ықтимал.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерде тұман түседі.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің 18 м/с күшеюі күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы15-20 м/с-қа жетеді.

Соңғы жаңалықтар