«7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылуына кім жауапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк жаңа ипотекалық «7-20-25» бағдарламасын  дайындайтын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірінші бастама - әрбір отбасына баспана алуға мүмкіндіктер беру. Бұл үшін Ұлттық банк арнайы ұйым құру арқылы жаңа ипотекалық «7-20-25» бағдарламасын  дайындайтын болады. Оның негізгі шарты Елбасы атап көрсеткендей несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 проценттен, бастапқы жарнамасы 20 проценттен аспайтын болады. Несие мерзімі - 25 жылға дейін», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет басшысының айтуынша, жаңа бағдарлама көптеген қазақстандық үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

«Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері мен «Бәйтерек» холдингі аталған жұмыстарға кірісуі тиіс. Жаңа ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын үй құрылысына және оған жақын  салалардың жұмысына тың  серпін береді. Сондықтан  бұған отандық құрылыс материалдарын өндіруші компанияларды белсенді түрде тарту керек. Ипоткалық бағдарлама бойынша жауапты - Ұлттық банк, Үкімет тарабынан  Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Асқар Ұзақбайұлы (Үкімет басшысының бірінші орынбасары Мамин - авт.) сіздің бақылауыңызда», - деді Премьер-Министр.
null 

Соңғы жаңалықтар