6 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі: Атаулы күндер, есімдер, оқиғалар

None
None
АСТАНА ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 6 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.

6 наурыз, сейсенбі

Гана Республикасының ұлттық мейра
мы - Тәуелсіздік күні

1975 жылдан бастап аталып өтеді. Гана ұзақ уақыт Ұлыбританияның отарында болған. 1975 жылы тәуелсіздігін алғанымен, Британ ынтымақтастығының құрамында қалды. Ел астанасы - Аккра қаласы, ресми тілі - ағылшын, Республика аймағын 17 миллион адам мекендейді. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы - бір палаталы парламент.
Қазақстан Республикасы мен Гана Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 14-де орнады.

Бүкіләлемдік тіс дәрігері күні

1790 жылы Джорд Вашингтонның жеке тіс дәрігері Джон Гинвуд стоматологиялық бор жасап шығарды және ол осы күннің күнтізбеде пайда болуына негіз қалады

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1917 жылы 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға рақымшылық жарияланып, Уақытша үкімет бұрынғы әкімшілік құрылымдармен қатар облыстық және уездік комиссариаттар құра бастады. Торғай облысына Әлихан Бөкейхан, Жетісуға Мұхамеджан Тынышбаев, Оралға Халел Досмұхамедұлы, ал Қостанай уезіне Ахмед Бірімжанұлы комиссар болып сайланды.

1985 жылы Сәуірбек Бақбергеновтің (1920-1997) «Әке мен бала» атты повесі мәскеулік «Советский писатель» баспасынан жарық көрді. Онда соғыстан кейінгі жылдардағы Қарағанды кеншілерінің өмірі туралы жазылған.

1987 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен Қазақстан Компартиясы ОК-нің «Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы» және «Республикада орыс тілін оқытуды жақсарту туралы» қаулылары жарық көрді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

1992 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ аудандық кеңесінің шешімімен аталмыш ауданға Қаз дауысты Қазыбек бидің есімі берілді.

1996 жылы Көкшетау қаласында Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» спектаклімен Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры шымылдығын ашты. Сол жылы театрға Ш.Құсайыновтың есімі берілді. Театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі әрі директоры М.Оспанов болды. Театр репертуарында қазақ, орыс және шетел драматургиясы (Ш.Құсайынов «Алдаркөсе», С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек», А.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай», Т.Қажыбаев «Ұмытпа мені, Гәккуім», Д.Исабеков «Мұрагерлер», Б.Әлімжанов «Құдалық», Н.Гоголь «Ревизор», С.Ахмад «Келіндер көтерілісі», У.Шекспир «Король Лир», Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн», Шота Уәлиханов «Ағнұр») бар. Театр ұжымы 2000 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық 8-ші театр фестивалінде «Режиссерлік дебют» жүлдесін, 2001 жылы Алматыда «Ойын арзан, күлкі қымбат» атты республикалық шағын комедиялар фестивалінде «Гран-при» жүлдесін және сол жылы Каир қаласында (Египет) өткен халықаралық эксперименталды театрлар фестивалінде «Орындаушылығы ең шебер театр» жүлдесін жеңіп алды.

2006 жылы Қазақстанның экология бойынша жаңа оқулығы жарық көрді. Оқулықты биология ғылымдарының докторы, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры, академик Михаил Панин әзірлеген.

2008 жылы Ақтөбе облысының Қандыағаш стансасында локомотивтерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталық бұрынғы локомотив депосында орналасқан, «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы жүргізген қалпына келтіру жұмыстарынан кейін толығымен өзгерді және заманауи жабдықтармен қамтылған, тепловоздарға техникалық қызмет көрсетуге және сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Орталықтың бірінші кезектегі мақсаты - маневрлік локомотивтерге техникалық қызмет көрсету. Жөндеу жұмыстарына арналған жабдықтар Германияда, Ресейде және АҚШ-та жасалған.

2009 жылы Алматы облысының Шамалған кентінде қазіргі заманғы неміс және голланд технологияларын пайдалану арқылы еліміздегі алғашқы жемісті өсіретін, сақтайтын және қайтадан өңдейтін жаңа кешен ашылды.

2010 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Шәкәрім және Сұлтанмахмұт» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

Кітаптың авторы - филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов. «Шәкәрім және Сұлтанмахмұт» атты екі бөлімнен тұратын кітаптың тиражы 2 мың дана. Монографияның бірінші бөлімінде әдебиеттану ілімінің өзекті мәселелерімен қатар, Шәкәрімнің әдеби-жарияланымдық еңбектері зерттелген. Кітаптың екінші бөлімінде Сұлтанмахмұттың шығармашылығында Абай мен Шәкәрімнің енгізген поэзия, проза, публицистика бағыттарына арналған.

Арап Еспенбетовтің монографиясын «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы басып шығарған. Орталық «Шәкәрім әлемі» топтамасынан 4 кітапты шығарды: Ғарифолла Есімнің «Наука совести», Әбдіғазы Балтабайдың «Шәкәрім әлемі», Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім және Алашорда» және Шанбай Тұрдықұлдың «Культура понятий» кітаптары.

2011 жылы Астанада ҚР СІМ мен Джибути Республикасының сыртқы істер министрлігі халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

2012 жылы Лиссабонда қазақстандық-португалиялық СІМ арасында консультация өтті.

Келіссөз барысында қазақстандық делегация екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту, халықаралық ұйым аясындағы ынтымақтастық мәселелерін қарады. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге Астананың кандидатурасын қолдауға баса назар аударылды.

2012 жылы Шымкентте облыстық клиникалық аурухана базасында ТМД-да жалғыз ерлер денсаулығына арналған орталық құрылды.
Орталықтың мақсаты - ерлер өмірінің ұзақтығын, өмір сапасын арттыру, яғни денсаулығына уақтылы ден қоюына мүмкіндік беру.

2012 жылы Касперский зертханасы Мәскеуде Ресей және ТМД елдерінен жас ғалымдар үшін студенттік конференция өткізді.

Мақсаты - «IT Security for the Next Generation» 5-ші халықаралық студенттік конференцияның өңірлік турына қатысу үшін үздік жас дарындарды шоғырландыру. Қазақстан атынан Қостанай А. Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетінен Максим Цветков қатысты.

2012 жылы Қазақстан Ганновердегі (Германия) ірі CeBIT-2012 халықаралық көрмесіне қатысты.

2012 жылы Санкт-Петербургтегі «Орыс ертегісі» атты жас таланттар музыкалық-шағармашылық VI халықаралық конкурс-фестивалінде Павлодар облысының Ақсу қаласынан «Мерей» ансамблі 1-ші орынды жеңіп алды.

2013 жылы елордалық «Қазақстан» концерт залында Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттік ансамблінің есепті концерті өтті. Оған Париждегі Ресей музыкалық қоғамының төрағасы және С.Рахманинов атындағы Париж консерваториясының президенті Петр Шереметьев, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының атқарушы директоры Армен Смбатян, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия және Италия жоғары музыкалық оқу орындарының ректорлары қатысты.

2013 жылы Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақстан халықаралық қоғамдастықта (көпжақты дипломатия очерктері) кітабы таныстырылды.

2013 жылы Қазақстандық-француздық іскерлік кеңес отырысына қатысу шеңберінде «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы Айдын Күлсейітов пен Еуропалық CEIS стратегиялық консалтинг компаниясының президенті Оливье Дарразон қазақстандық-француздық технологиялар трансферті орталығының жұмыс істеуі туралы келісімге қол қойды.

2013 жылы Астанада белгілі француздық суретші Жак Барридің жұмысының көрмесі ашылды. Оған негізінен, соңғы жылдары құрылған графикалық және көркем жұмыстар қойылды.

2014 жылы қазақстандық делегация ІТВ-2014 туризмінің көрмесі аясында Қазақстан Республикасының стендін ашуға қатысты. Аудиторияға Қазақстандағы туризмді дамытудың заманауи бағыттары, сондай-ақ осы саладағы нақты келешегі бар жобалар жайлы хабарланды.

2014 жылы Берлинде Қазақстан Республикасының экономикалық және мәдени орталығының ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл қазақстандық-германдық сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мен кеңейтуге бағытталған кезекті қадам болды.

Шара қорытындысы бойынша, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Шығыс герман экономика комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2014 жылы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовтің Берлинге сапары аясында Германияның Геологиялық ғылым және шикізат федералдық ведомствосының басшысы Ханс-Йоахим Кюмпелмен кездесті.

Кездесуде халықаралық стандарттар бойынша қазақстандық кен орындарын қайта бағалау мақсатында екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету бойынша мүмкіндіктер талқыланды.

2015 жылы Қазақстан мен Монако қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қойды.

2015 жылы Алматыда құрылыс жұмыстарына арналған трикотаж қолғап шығаратын Қазақстандағы бірінші кәсіпорын іске қосылды. Кәсіпкер қажетті жабдықтар мен материалдарды «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Даму» қорының қолдауымен сатып алды.

2015 жылы «Дисней» студиясы шығарған «Күлбике» (Золушка) ертегісін қазақстандықтар қазақ тілінде тамашалады.

1834 жылы Канадада Йорк қаласы Торонто болып өзгертілді.

1857 жылы АҚШ Жоғарғы соты құлдар азамат емес, мүлік деген қаулы шығарды.

1868 жылы Дмитрий Менделеев Ресей химиялық қоғамына периодты кестенің алғашқы нұсқасын ұсынды.

1954 жылы бокс бойынша әлем чемпионы Кассиус Клей мұсылман дінін қабылдап, Мұхаммед Әли есімін алды.

1967 жылы Сталиннің қызы Светлана Аллилуева Делидегі АҚШ елшілігінен саяси баспана сұрады.

1992 жылы Әзербайжанның алғашқы президенті Аяз Муталиев Таулы Қарабахта әзербайжандық әскер жеңіліс тапқаннан кейін отставкаға кетті.

ЕСІМДЕР

88 жыл бұрын (1930-2005) қазақстандық физик-химик, химия ғылымдарының докторы АГАШКИН Олег Васильевич дүниеге келді. Ресей Федерациясының Краснояр өлкесінде туған. Томск мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оптика және плазма кафедрасының профессоры қызметін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері органикалық және физикалық химия салаларына арналған (молекулалық спектроскопия, органикалық люминесценциясы, т.б.). 180 ғылыми еңбектің және 2 монографияның, 4 авторлық куәліктің иесі. 2 доктор және 14 химия ғылымының кандидатын, 1 физика-математика ғылымының кандидатын дайындады.
Агашкин есімі Қазақстанның Алтын Құрмет кітабына жазылған.

null 82 жыл бұрын (1936-1983) ақын, көптеген аймақтық бүкілодақтық жарыстардың жүлдегері ҚОЖАМҰРАТОВ Өмірзақ дүниеге келді.
Өзбекстан Республикасының Бұқар облысында туған. Алғашқы еңбек жолын мектеп мұғалімі, аудандық ерікті спорт қоғамының төрағалығынан бастап, аудандық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Тарихи Отаны Қазақстанға келгеннен кейін Қызылорда қаласында Халық шығармашылығы үйінің әдіскер маманы қызметін атқарды. Шығармалары елуінші жылдардың аяғында аудандық, облыстық, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көре бастаған. «Жиделі Байсын», «Таңғы дауыс», «Ой кешу», «Күн астында - құдірет», т.б. жыр жинақтары жарық көрген. Өзбекстанның қазіргі Науаи облысы, Үшқұдық қаласының №4 қазақ орта мектебіне Өмірзақ Қожамұратов есімі берілген.

null 68 жыл бұрын (1950-2006) ақын, түркітанушы ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері ЕГЕУБАЕВ Асқар Құрмашұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығыс Қазақстан облысы «Шамшырақ», «Достық» аудандық газеттерінде, «Қазақстан коммунисі», «Жұлдыз» журналдарында, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жазушы» баспасы мен «Қазақ энциклопедиясы» редакциясы бас редакторының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қызметтер атқарған.
«Мөлдір тұма», «Жүректегі жұлдыздар», «Сыр мен сымбат», «Сөз жүйесі», «Құс жолы», «Әділет» атты өлеңдер мен поэма, сын кітаптарының, «Кісілік кітабы», «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі» деп аталатын монографиялардың авторы.

Әрі ақын, әрі ғалым Асқар Егеубаев сондай-ақ түрік мәдениетіне қатысты көне әдеби мұраларды қазақ тіліне аударып, зерттеу жұмысымен айналысқан. Ж.Баласағұнның «Құтадғу білігін» қазақ тіліне аударған. Бұл кітап 1989 жылы Пекиннің ұлттар баспасынан араб әліпбиімен екінші рет жарық көрді. М.Қашқаридің үш томдық «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегін қазақ тіліне аударған.

null 62 жыл бұрын (1956) «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің жетекші маманы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері ҚАЗЫҒҰЛОВ Шархан Нағметұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысы Арал ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1981-1986 жылдары - Іле аудандық «Путь Ильича» газетінің аудармашысы. 1986-1990 жылдары - Балқаш аудандық газетінің редакторы. 1990-1994 жылдары - Іле аудандық «Путь Ильича» газетінің редакторы. 1994-2002 жылдары - ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің консультанты. 2002-2004 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің бас менеджері. 2004-2007 жылдары - «Нұр-Астана» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. 2007-2012 жж - «Рауан» Баспа үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры. 2012 жылдың наурызынан қазіргі қызметте.

null 62 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы ШЕГЕНОВ Моряк Смағұлұлы дүниеге келді. Қарағанды облысы Шет ауданында туған. Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 1983-1989 жылдары - Жезқазған облыстық кәсіподақ кеңесінің нұсқаушысы, Жезқазған көлік прокурорының көмекшісі. 1989-1992 жылдары - Жезқазған қалалық сотының судьясы. 1992-1995 жылдары - Жезқазған облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы. 1995-2009 жылдары - Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы, судьясы қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап - қазіргі қызметінде.

null 55 жыл бұрын (1963) «Астананың Медицина университеті» АҚ проректоры Гүлнар Әділханқызы ЖАҚСЫЛЫҚОВА дүниеге келді. Медицина ғылымдарының докторы.





null 48 жыл бұрын (1970) ҚР Қарулы күштеріндегі аэроұтқыр әскерлер қолбасшысы ЖҰМАКЕЕВ Алмаз Жеңісұлы дүниеге келді.

Қырғызстанда дүниеге келген. 1992-ші жылы Ленин комсомолы атындағы Рязань жоғары әуе-десант командалық училищесін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери академиясын бітірген. Әскери қызметін барлау взводы командирінен бастаған. Штабтық рота, батальон, бригада командирі болған. ҚР ҚМ ШБК Жауынгерлік дайындық және әскерлер қызметі департаментінің бастығы, «Астана» өңірлік қолбасшылықта штаб бастығы, Құрлық әскерлері Бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарған. Десантты-шабуылдаушы бригаданың командирі. 2015 жылдың 15 қазанынан бастап Елбасының тағайындауымен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы. Екінші дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» мемлекеттік ордендерімен марапатталған.

null 43 жыл бұрын (1975) SNC Kazakhstan журналының бас редакторы МҮКЕЙ Айгүл Адиятоллакызы дүниеге келді.

Целиноград қаласында туған. Ақмола мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультетін (1996) орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино факультетін (2002) телевизияның автор-түсініктемешісі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 1992 жылдан - «Эфир» телекомпаниясының редакторы, жүргізушісі (Ақмола қаласы). 1999 жылдан - «Хабар» Агенттігі» АҚ жүргізушісі, журналисі, Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары. 2008 жылдан бері - «Хабар» Агенттігі» АҚ «Ел арна» телеканалының директоры - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы - «ТВ продюсерлері» шеберханасының жетекшісі, Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің басшысы. Қазіргі қызметінде - 2015 жылғы желтоқсаннан бері.

null 43 жыл бұрын (1975) «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы БАЙНАҚОВ Рахмет Ғазизұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Ақтөбе Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік университетті бітірген (Экономика және менеджмент). Халықаралық менеджмент институтын (ГФР Фленсбург қ.) бітірген, экономика ғылымдарының магистрі.









null 41 жыл бұрын (1977) ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті ТҮСІПБЕКОВ Жанат Рашидұлы дүниеге келді.
Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін, 2007 жылы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ экономика факультетін тәмамдаған. Бірнеше жыл бойы ол «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ атқарушы дирекоры, бас директордың орынбасары, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ және «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды. Сонымен бірге Ж.Түсіпбеков 2009 жылдан бері Қарағанды облыстық бокс федерациясын басқарып келеді. The Rompetrol Group бас директоры. Қазіргі қызметінде 2013 жылдың қараша айынан.

null 219 жыл бұрын (1799-1861) ағылшын саяхатшысы, суретші АТКИНСОН Томас Уитлам дүниеге келді. 1848-1852 жылдары Қазақстанның бірқатар жерлерінде болып, тарихи-этнографиялық, географиялық зерттеулер жүргізген. Аткинсонның 1858 жылы Лондонда жарық көрген «Шығыс және Батыс Сібірдегі зерттеулер» атты екі томдық еңбегінде Семей, Аягөз, Қапал, Алматы қалалары мен бекіністеріндегі тұрғындардың шаруашылығы, қазақтардың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, билеуші топтары арасындағы талас-тартыс, Шыңғыстау күміс кені, балыққа бай Зайсан көлі жөнінде көптеген деректер бар. 1860 жылы «Амудария бойымен саяхат» атты кітабы жарыққа шықты. Онда қазақ қоғамын іштей жегідей жеп жатқан «барымта» дегеннің куәсі болдым дей келіп, «Түнгі ауылға шабуыл», «Аттылы қырғыздардың ұрысы» атты суреттер жариялады. Соңғы суретінде қазақтардың сол кездегі қару-жарағы (айбалта, найза) бейнеленген. Қазақтардың киімін, тамағын, қысқы киіз үйін суреттеп, бұл жөнінде бірнеше этнографиялық гравюралар, көп мағлұматтар қалдырған. Алатаудың солтүстік беткейінде, Зайсан мен Балқаш аралығында кездескен түрлі обалар мен көне зираттардың құрылысын сипаттап жазған. Аткинсон дала тұрғындарының ақындық рухына, моральдық түсінігінің жоғарылығына, түрлі жер аттарына (Қаркөл, Қалмақтау, Ақтас, Ертіс, тағы басқалар) байланысты аңыз-әңгімелерді баяндаған. Сүйік пен Айғаным арасындағы сүйіспеншілік, Сүйіктің Айғанымды алып қашуы, Айғанымның қамысты көл жағасында жолбарыстан опат болуы туралы халық арасында ертеден келе жатқан аңыз желісін баяндауы да ағылшын авторының қазақтардың рухани мәдениетіне жіті назар аударғанын көрсетеді.

null 69 жыл бұрын (1949) В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтының директоры ЧЕЧИН Леонид Михайлович дүниеге келді. Черновцы қаласында (Украина) туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.  2000-2004 жылдары - В.Г.Фесенков атындағы астрофизика институтында гравитациялық жүйелер серпіні зертханасы меңгерушісінің орынбасары. 1997-2000 жылдары - В.Г.Фесенков атындағы Астрфизика институтының бас ғылыми қызметкері. 1992-1996 жылдары - В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының жетекші ғылыми қызметкері. 1986-1991 жылдары - В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының жетекші ғылыми қызметкері. 1945-1985 жылдары - Философия, және құқық институтының жаратылыстанудың философиялық мәселелері бөлімінде ғылыми хатшы. 1975-1985 жылдары - Философия, және құқық институтының жаратылыстанудың Философиялық мәселелері бөлімінде кіші ғылыми қызметкер. 1995-1997 жылдары - Мемлекеттік аттестаттау комитетінің физика-математика және техникалық ғылымдар, Жер туралы ғылым және ғарыш бөлімінің меңгерушісі. 1999 жылдан - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің теориялық физика және сандарды модельдеу кафедрасының профессоры. Қазіргі қызметінде - 2004 жылдан бері.

null 81 жыл бұрын (1937) кеңестік ғарышкер, әлемдегі тұңғыш әйел-ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры, саяси қайраткер ТЕРЕШКОВА Валентина Владимировна дүниеге келді.












null 543 жыл бұрын (1475-1564) итальяндық мүсінші, кескіндемеші, Дәуірлеу кезеңінің ақыны Микеланджело БУОНАРРОТИ дүниеге келді.



null 109 жыл бұрын (1909-1966) поляк сатиригі және ақын, ұтымды қанатты сөздердің авторы

Станислав Ежи ЛЕЦ дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар