6 млн. теңгені қолды қылған қазақстандық БАӘ-ден экстрадицияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 млн. теңгені қолды қылған қазақстандық БАӘ-ден экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Күдіктіні ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері БАӘ-дегі ҚР елшілігінің көмегімен елге жеткізді.

Оған ОҚО Мемлекеттік кірістер департаменті 2013 жылдан бері іздеу салған.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласында уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды. 

Соңғы жаңалықтар