6 маусымда Астанада «Көрікті Қазақстан - Көркем Қытай» фотокөрмесі өтеді

None
None
БЕЙЖІҢ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 6 маусым күні 10:00-де «Көрікті Қазақстан - Көркем Қытай» фотокөрмесі ашылады, - деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпарат ХАА-ның меншікті тілшісі.

Шара Қазақстан мен Қытай елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылар: ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, ҚХР Мемкеңесінің баспасөз кеңсесі, ҚХР-дағы ҚР елшілігі, ҚР-дағы ҚХР елшілігі, ҚХР әдеби туындылардың шет тілдерінде басылуы және таралуы жөніндегі басқармасы.

Фотокөрменің атқарушы органы - «ҚазАқпарат» ХАА және «Жэньминь хуабао» журналы.

Көрме 10 маусымға дейін жалғасады. 

Соңғы жаңалықтар