52 адамның өмірін қиған жантүршігерлік өрттің видеосы желіге шықты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары мінген «Икарус» маркалы автобустың қалай жанғанын көлік жүргізушісі түсіріп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары мінген автобус жанып кетті. Оқиға бүгін таңертең тіркелді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, өрт кезінде 52 адам мерт болды.

Оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар қызметі, психологтар мен дәрігерлер жетті. Ырғыз аудандық ауруханасы 6 маманды жіберді. 

Кейін әлеуметтік желіге «Икарус» автобусының өртеніп жатқан видеосы шықты.

Қазіргі кезде Ақтөбе облысының орталығынан санавиация қызметі ұшып кетті. Өрттен аман қалғандар орталыққа жеткізілуі мүмкін.

#ақтөбеоблысы #икарус #өрт #52қаза (видеоны дальнобойщик жіберді)

Публикация от Асқар Ақтілеу (@askar_aktileu) Янв 17, 2018 at 10:47 PST

Соңғы жаңалықтар