50 жастағы Шымкент тұрғыны бір келі марихуанамен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шарасын жүргізу  барысында есірткі затын сақтаумен айналысады деген күдікпен 1967 жылы туған Жамбыл облысының тұрғынын  ұстады.

Күдіктіні тінту барысында полицейлер 50 жастағы ер азаматтан  политэленді орамада марихуана есірткі затына ұқсас өсімдіктектес затты тәркіледі.

Сот-криминалды сараптамасына сай, тәркіленген зат салмағы 1кг асатын марихуана екені белгілі болды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары осы жайтқа байланысты жан-жақты тексерулер жүргізуде.

  

Соңғы жаңалықтар