50 метрлік тарзанкадан сәтсіз секірген қыздың жантүршігерлік көрінісі видеоға түсірілген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 жастағы қыздың тарзанкадан сәтсіз секіріп, өзенге құлаған жан түршігерлік видеосы Бейжіңде түсірілген.

Батыл қыз 50 метрлік платформаға көтерілген. Аяғын резеңке арқанға байлаған бойжеткен төмен қарай секірген. Алайда, арқан қысқарған кезде тартылысқа шыдамай үзілір кеткен. Бойжеткен қыз суға құлады. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқтығын хабарлады.

People's Daily Online сәйкес, 17 жастағы тяньцзиндік бойжеткен 18 тамыз күні "Шиду" ұлттық саябағында секіруді жөн көреді. Саябақтың басшылығы қайғылы жағдай фактісін растады. Ішкі тергеу жүргізіп, қыздың денесіне бекіткішті орнату кезінде қателік жіберілгенін анықтады.

 
Соңғы жаңалықтар