50-ден астам аудан орталығында жыл соңына дейін 4G қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің 51 аудан орталығында 4G қосылады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәурен Абаев министрлік телекоммуникация саласында ауыл тұрғындарын қоса алғанда халықтың басым бөлігін сапалы байланысты Интернет желісімен қамтамасыз етуді мақсат етіп отырғандығын баса айтты.

«Заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылым құрудың нәтижесінде Интернет пайдаланушылардың саны 2016 жылы 77 проценті құрады. Халықтың 94 проценті 2G стандарттағы ұялы байланыспен, 87 проценті 3G, ал 69 проценті 4G стандартты қызметпен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың соңында 51 аудан орталығы 4G желісіне қосылады және барлық аудан орталықтарының тұрғындары жоғары жылдамдықты Интернетті пайдалана алатын болады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар