5 жылда мемлекеттік қолдау 744 мыңнан астам адамға көрсетілді - Дүйсенова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бастамаларға қолдау жасалмаған жағдайда халықтың жұмыссыздық деңгейі бүгінде 5,8 пайызға жетуі ықтимал еді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Өткен бес жылдың ішінде бағдарлама аясында атқарылған шаралар еңбек нарығындағы сандық әрі сапалық мәндегі негізгі көрсеткіштердің оң қарқынына өз үлесін қосты деп айтуымызға болады. 2010-2015 жылдары статистикалық мәліметтерге қарайтын болсақ, жұмыспен қамтылған азаматтардың жалпы саны елімізде 6,3 пайызға, ал мекемелерде жұмыс істейтін жалдамалы қызметкерлердің, яғни еңбек шартымен қызмет істейтін қызметкерлердің саны 17 пайызға көбейді. Бұл экономикада жаңа жұмыс орындарының ашылғанын және осы орындарға ел азаматтарының еңбекке тартылғанының айқын дәлелі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» аясында, яғни 5 жылда мемлекеттік қолдау шаралары 744 мыңнан астам адамға көрсетілді»,-деді Т. Дүйсенова Сенатта өткен «ҚР Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауы аясында Жұмыспен қамтудың жол картасын құқықтық қамтамасыз ету шаралар туралы» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.

Бұдан бөлек, министр ағымдағы жылы 9 мыңнан астам шағын несиелерді бөлу ескерілгенін және оны алатындар ауылдық жерлерде қосымша 12 мыңға жуық жұмыс орындарын құратынын жеткізді.

Оның сөзіне қарағанда, кәсіпкерлік бастамаларға қолдау жасалмаған жағдайда халықтың жұмыссыздық деңгейі бүгінде 5,8 пайызға жетуі ықтимал еді.

Соңғы жаңалықтар