5 жасар бала көлікті айдап кетіп, жол апатына ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей ІІМ Борисоглебск қаласы бойынша кезекшілік бөліміне Свобода көшесінде кішкентай баланың жеңіл көліктің руліне отырып, жақын жерде тұрақта тұрған екі машинаны соғып, жол-көлік апатына ұшарағаны туралы хабарлама келіп түскен.

 Оқиға орнына тергеу-жедел тобы жеткен. Тәртіп сақшылары көліктің ішінен атын да, қайдан екенін де айта алмаған баланы тапты. Жеңіл көліктің бөтен ер адамға тиесілі екендігі анықталды, ол автомобильді оталдырға күйі кілтін қалдырып  кеткен.

Сол күні әлгі баланың 47 жастағы анасы ұсталып, тергелді. 11 қыркүйек күні таңертең күдікті ұлымен бірге Борисоглебскіге түзету орталығына келеді. Алайда, одан бұрын спирттік ішімдік сатып алып, балалар алаңына жайғасады.  Ал бүлдіршін сол маңда алаңда ойнап жүрген, ішімдікке қызара бөрткен әйел баласының қайда жоғалып кеткенін байқамай да қалған.  

Соңғы жаңалықтар