5 сәуірде елдің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

None
None
 АСТАНА.ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 5 сәуірде Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады, тек солтүстік және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, оңтүстік бөлігінде дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

 Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, жел 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

 Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с, күндіз көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей  жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел  15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, ал күндіз Жалаңашкөл ауданында екпіні 23-28 м/с жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай  болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

 Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар