5 мамырда Big Drama Show болады - Геннадий Головкин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин 5 мамырда Ванес Мартиросянмен кездесетінін ресми түрде жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен HBO-ға қайта шығып, StubHub Center-дің алаңында жұдырықтасуға қуаныштымын. Себебі олардың тамаша бокс фанаттары бар. Мен өз жанкүйерлеріме тағы бір Big Drama Show-ды сыйлаймын», - деді Г.Головкин.

GGG-дің қарсыласы - Ванес Мартиросян да өзінің Инстаграм парақшасында алдағы жекпе-жектің постерін салып: «Мен жер-жаһанды таңқалдыратын боламын !!!», - деп жазды.

Айта кетейік, Ванес Мартиросянның ұлты - армян. Бірақ жеті жасынан бастап АҚШ-та тұрады. Жасы 31-де. Кәсіби бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 36 рет жеңіске жетті. Үш айқаста ұтылды. Бір мәрте тең түсті. Соңғы рет Мартиросян екі жыл бұрын бокстасқан болатын. Сол кезде ол төрешілердің шешімі бойынша Эрисланди Ларадан жеңілген еді. Алдағы жекпе-жекке шығу үшін оған бір саты жоғары көтерілуге тура келеді. Себебі Мартиросян бірінші орта салмақта өнер көрсетеді. Ал Головкин - орта салмақтың чемпионы.

Соңғы жаңалықтар