5 мамыр күні республиканың солтүстігіне жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аймағының басым бөлігінде 5 мамыр күні күн ашық болады. Тек республиканың солтүстік бөлігінде ғана жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, республиканың батысы мен оңтүстігінде ғана жел күшейіп, шаң көтеріледі, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Павлодар облысында күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді.

Күндіз Қызылорда, Атырау облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін ұлғаймақ.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін екпіндей түседі.

Соңғы жаңалықтар