5 қазақстандық жеңіл атлет әлемдік рейтингте ТОП-15 қатарына енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қазақстандық жеңіл атлет 2018 жылдың басынан бері жабық кешенде өткен жарыстардың қорытындысы бойынша IAAF әлемдік рейтингінде ТОП-15 қатарына енді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Үздік көрсеткіш үш қарғып секіру шебері Ирина Эктованың еншісінде, ол әлемдік рейтингтің 6-сатысынан орын тепкен.

Спорттың екі түрі бойынша Татьяна Нерознак (1500 және 3000 метрге жүгіру) ТОП-15 қатарында.

Сондай-ақ, 400 метрге жүгіру бойынша екі қазақстандық спортшы - Элина Михина және Светлана Голендовалар үздіктер қатарына енген.

Ерлер арасында Иван Иванов (ядро лақтырушы) ТОП-15-тен ойып орын алған.

Соңғы жаңалықтар