42 күннің ішінде жер шарын айналған француз жаңа рекорд орнатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз Франсуа Габар жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды AFP . 

Яхташы жалғыз өзі 42 күн 16 сағат 35 секундта жер шарын айнала  жүзіп шықты. Жергілікті уақытпен сағат 1:45-те 34 жастағы Габар Macif қайығымен Уэссан француз аралы мен Британияның оңтүстік нүктесі - Лизард мүйісі аралығындағы виртуалдық мәре сызығын кесіп өтті.

Француз өзінің жол салушысы әрі отандасы Тома Ковилянің рекордын бір аптаға жаңарты. 2016 жылдың желтоқсанында Ковиль бұл жолды 49 күн 3 сағат 7 минут 38 секундта жүзіп өткен еді. 

Соңғы жаңалықтар