413 алматылық оқушы «Алтын белгіге» лайық екендігін дәлелдеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мектеп бітірушілердің дәстүрлі «Жас түлек-2017» фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл қалада орта білім туралы аттестатты 7 263 мектеп түлегі алса, олардың 413-і «Алтын белгіге», 627-і үздік аттестатқа қол жеткізді. 6 720 оқушы ҰБТ қатысуға құқылы екендіктерін дәлелдеді.

Алматылық оқушылар 12 жыл қатарынан республикалық олимпиадада бірінші командалық орынды иеленіп келеді. Оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарында 15-ші рет жеңімпаз атанса, математика, физика, химия және биология пәндерінен 11-ші сынып оқушылары арасында өткен Президенттің олимпиадасында биыл төртінші рет жеңіс тұғырына көтерілді.

Алматылық оқушылар тек 2017 жылдың өзінде ғана 59 алтын, 75 күміс, 90 қола медальді қанжығаларына байлады.

Атап өтерлік жайт, Алматыда тек соңғы 5 жыл ішінде білім саласын қаржыландыру 15 млрд теңгеге өсіп, 62,7 млрд теңгеге жетті.

Қалада 88 жаңа білім нысаны мен мектеп жанынан қосалқы нысандар салынған. Олардың барлығы заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы 254 түлек «Алтын белгі» алған еді. Өткен жылы орта білім жөніндегі атестатты 6810 түлек иеленді, олардың 300-і мектепті үздік бітірді.

Соңғы жаңалықтар