40 күндік дайындық курсынан өтіп әскери билет алуға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазір біздің облысқа 2018 жылдың 15 қаңтарынан С,В категориясындағы он жүгізушіні тегін оқытуға тапсырыс түсті, деп хабарлайды Аltaynews . 

Өскемен қаласында Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Әскер қатарына әртүрлі себептермен бармай қалған 24-27 жас аралығындағы жас жігіттер осында келіп, бекітілген үлгідегі әскери билетті алып шығуына болады.

Ол үшін олар 40 күндік ақылы дайындық курсынан өтуге тиіс. Курстың бағасы 263 мың теңгенің айналасында. Сонымен қатар он сегізге толмаған бозбалалар да әскери дайындықтан өте алады. Олар үшін қызметтің бұл түрі тегін.

"Қазір біздің облысқа 2018 жылдың 15 қаңтарынан С,В категориясындағы он жүгізушіні тегін оқытуға тапсырыс түсті. Төрт айлық курсты бітірген болашақ жауынгерлер әскери борыштарын өтеуге қарулы күштердің әуе қорғанысы бөлімдеріне шақырылады. Яғни,болашақ Отан қорғаушылар көктемгі шақыруға ілігеді", - дейді Өскемен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, әскери қызметке келісімшарт бойынша жинау және әскерге шақыру бөлімінің басшысы, аға лейтенант Руслан Қарахожин.

Бөлім басшының түсіндіруінше, отбасы жағдайымен немесе басқа да себептермен әскер қатарына шақырылуы кейінге қалдырылған жас жігіттер ақылы курсты тәмамдау арқылы әскери билетке қол жеткізе алады. Осы билетпен курсанттар құқық орындарында, мемлекеттік қызметте, әскери бөлімшелерде келісімшарт негізінде жұмыс істей алады. Бір және одан көп баласы барлар запасқа алынады.

Соңғы жаңалықтар