4 желтоқсанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі оқырман қауымға Қазақстанда 4 желтоқсанда өтетін маңызды оқиғалар легі туралы ақпарат ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы басталады.

Сағат 10:00-де Мәжілісте «Үкіметтік сағат» басталады.

Сағат 14:00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде ҚТФ Президенті Болат Өтемұратовтың қатысуымен Қазақстан теннис федерациясы бекіткен номинацияларды табыстау салтанаты ұйымдастырылады.

Сағат  15:00 кезінде «Rixos President Astana Hotel» қонақ үйінде ҚР «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы мен Астана қаласының әкімі қаланың бизнес-бірлестіктерімен кездесу өткізеді.

Сағат 16:20 уақытында Орталық коммуникациялар қызметінде «Ерекше балаларға арналған ерекше кітаптар» атты баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 17:00 кезінде «Sputnik Қазақстан» мультимедиялық баспасөз орталығында «Еуроодақ тізімінен шыққаннан кейін Қазақстан авиациясы саласында қандай мәселелер қалды» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де бірінші рет «ТБ/ЖИТС инфекцияларын интеграциялық тұрғыда бақылау» ұлттық конференциясы басталады.

Сағат 12:00 кезінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында Жастар Саммитінің пресс-туры өтеді.

Сағат 14:00-де «Rahat Palace» Франция-Қазақстан бесінші бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Соңғы жаңалықтар