4 өңірдің дәрігерлері қағазбастылықтан арылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 4 өңірінің медициналық ұйымдарында қағаз түрінде есепке алу құжаттамасын толтыру қажеттілігі алынып тасталады. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Александр Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қағаз құжат айналымын электронды форматқа ауыстыру кезең-кезеңімен жүретін процесс. Біз алдымызға Үкімет те, өңірлер де қолдау көрсеткен мынадай міндет қойып отырмыз: барлық өңірлердегі бүкіл медициналық ұйымдарда, фельдшерлік және медициналық пунктке дейін процестерді автоматтандыруды енгізуді жоспарлаудамыз», - деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Жалпы, ағымдағы жылдың соңына дейін медициналық ұйымдар жартылай автоматтандырылмақ. Ал келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының медициналық ақпараттық жүйені штаттық режімде қолданатын ұйымдар қағаз түріндегі есепке алу құжаттамасын толтырудан босатылады. 2018 жылдың соңына дейін еліміздің барлық медициналық ұйымдары медициналық ақпараттық жүйемен қамтылатын болады.

Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық ұйымдар медициналық құжаттамаларды жүргізудің қағазсыз форматына көшетін болады.

«Мұның экономикалық тиімділігі бар. Медицина қызметкерлерін артық жүктемелерден арылтады», - деді Цой.

Соңғы жаңалықтар