4 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 4 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар мен оқиғалар ретін ұсынады.
АСТАНА
Ертең 15:00-де Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуінің басымдылықтары жайлы баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға ҚР СІМ орынбасары Ержан Ашықбаев қатысады.
12:00-де Қазақстандағы блокчейн индустриясының болашағы жайлы баспасөз мәслихаты өтеді. Журналистер сұрағына заңды тұлғалар бірлестігі кеңесі ассоциациясының төрағасы Есет Бутин және атқарушы директор Дастан Қожабеков жауап береді.
АЛМАТЫ
10:00-де қалалық кардиоорталықта мәжіліс тобы медициналық ұжыммен кездеседі. Кездесуге Мәжілістің вице-спикері, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Гүлмира Исімбаева, әлеуметтік-мәдени даму бойынша Мәжіліс комитетінің төрағасы Гүлнар Иқсанова мен экология және табиғатты пайдалану бойынша Мәжіліс комитетінің мүшесі Серік Сейдуманов қатысады.
11:00-де «Интерфакс-Казахстан» ақпараттық агенттігінің баспасөз орталығында Рождество Христово мерекесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Астана және Алматы митрополиті Александр мереке барысы мен шіркеулер туралы әңгімелеп береді.
- Елорданың үздік мемлекеттік қызметкерлері анықталады
- Өскемендегі Карл Маркс даңғылына Қазыбек бидің аты берілді
- Қасқырды тірідей сатпақ болған шығысқазақстандыққа айыппұл салынды
- Конституциялық кеңес некесіз балалы болған аналардың құқығына қатысты шешім қабылдады
-
ОҚО-да заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы рейд өткізілді
-
Қазақстандағы тағайындаулар: Сарапшылар не дейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам