350 мыңнан астам қазақстандық ЖРВИ-мен ауырып шыққан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эпидемиялық маусым басталғалы бері, 27 қаңтардағы жағдай бойынша, 350 мыңнан астам жіті респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ), оның ішінде 1611 тұмау тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

«ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі үлесін (65 %) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 20%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар ішінде 13%-ды құрады. Өткен аптада бүкіл халық бойынша тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апталық эпидемиялық деңгейден артуы байқалмайды», - деп жазады комитет.

Шұғыл эпидемияға қарсы іс-шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлы вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығының жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Халық топтары арасында сырқаттанушылық құрылымын ескере отырып және оқушылар арасында ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанудың өсуінің алдын алу мақсатында ТҚҚК аумақтық бөлімшілерінің ұсынымдары бойынша білім басқармалары 10 тәрбиелеу және білім беру мекемелерінде, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 3 мектепте, Қостанай облысында 1 мектепте және Солтүстік Қазақстан облысында 1 балабақшада, 5 мектепте, оның ішінде екі мектептің жекелеген сыныптарында оқу процесін уақытша тоқтата тұру түрінде шектеу іс-шараларын енгізді

Соңғы жаңалықтар