35 қостанайлық мемқызметші әлеуметтік желілердегі суреттері үшін жазаға тартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат -  Қостанайда 35 мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желілерінен әдеп кодексі нормаларына нұқсан келтіретін суреттері табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығы Мэлс Әбдірахмановқа сілтеме жасап.

Аталған фактілер мемлекеттік қызметшілер пайдаланатын әлеуметтік желілердің мониторингі кезінде анықталды. Белгілі болғандай, әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің түрлі кештердегі немесе өзге де қоғамдық орындардағы әдепсіз, тыйым салынған заттарды тұтыну кезіндегі фото және бейнежазбалары таралып кеткен.

«Барлығы 57 мемқызметкермен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Оларға қызметтік этика тәртібін түсіндірдік. 35 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Кодекс бойынша, әдептен тыс фото немесе видеоларды жүктейтін болса, оларды өшіру талап етіледі», - деді Әбдірахманов.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 980 мемқызметкер тәртіптік жазаға тартылған.

Соңғы жаңалықтар