33 жыл бұрын екі әйелді өлтірген қарағандылық сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 33 жыл бұрын екі әйелді өлтірген Қарағанды тұрғыны Константин Хурция 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Хурция Константин Платонович айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді соттың үкімін оқыған Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Исламхан Есенбаев.

1984 жылдың бесінші шілдесінде сол кезде 23 жаста болған К.Хурция таныс әйелдің үйіне қонаққа барған. Үйде 23 жастағы өзге қонақпен жанжалдасып, оны өлтірген. Кейін жатын бөлмеге кіріп, ұйықтап жатқан пәтер иесін де өлтіреді. Оның ұйықтап жатқан екі жасар ұлына тиіспеген. ҚазКСР ІІМ қызметкерлері оқиға орнынан 11 саусақ ізін тауып, оның тоғызының кімге тиесілі екендігін анықтаған. Қалған екеуінің кімдікі екені белгісіз.

56 жастағы қылмыскерді полиция биыл қыркүйекте ұстайды. Ол ұсақ бұзушылық үшін ұсталып, саусақ ізін тапсырады. Оның саусақ іздері 33 жыл бұрын оқиға орнынан алынған саусақ іздерімен толықтай сай келеді.

К.Хурция сотта әртүрлі жағдаймен туған екі ұлының қайтыс болғанын айтты. Мұны екі әйелді өлтіргені үшін тағдырдың жазасы деп есептейді. Сотқа өлтірілген әйелдердің бірінің ұлы қатысты. Ол сол кезде екі жаста болған, қайғылы оқиғаның мән-жайы оның есінде жоқ.

Соңғы жаңалықтар