Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -13 °С
Алматы: -8 °С
USD 334.32 EUR 392.29
RUB 5.63 CNY 50.53
Жаңалықтар

32 млн теңгені жымқырған зообақ есепшісінің ісі сотқа берілді

2017 жылғы 7 қазан 12:07 985
Поделиться:
32 млн теңгені жымқырған зообақ есепшісінің ісі сотқа берілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 32 млн теңгені жымқырдыдеген күдікпен ұсталған зообақ есепшісінің ісі сотқа берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тергеу жұмыстарын қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізді.

Іс материалдарына сәйкес Алматы зообағының есепшісі билеттерді сату барысында компьютерден 32 млн теңгені жойып жіберген.

Күдікті әйел 16 тамызда ұсталды.

 «Іс сотқа жіберілді. Осы қылмыстық іске қатысы бар болуы ықтимал басқа да тұлғалар тексеріліп жатыр», - деді Медеу аудандық прокуратурасынан.

Айта кету керек, бұл қылмыстық істің ауырлығына байланысты іске процессуалды прокурор бекітілді.

Лауазымды тұлға тергеу жұмыстарынан  бастап сот үкіміне дейін процесті қадағалап отырады.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
Мұрағат