31 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2017 жылғы 31 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

31 желтоқсан СЕНБІ

Әлем әзербайжандарының ынтымақтастық күні

Алғашқы рет 1991 жылғы 16 желтоқсанда әзербайжан халқының көшбасшысы Гейдар Алиев жариялады, содан кейін бұл күн Әзербайжан халқының ұлттық мейрамы болып қалды.

Қырғызстанның кеден қызметкерлері күні

2006 жылғы 15 ақпан Қырғыз Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қырғыз Республикасының кеден қызметінің дәстүрін ұйымдастыру мақсатында бекітілген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1943 жылы  Павлодарда Құрманғазы атындағы музыкалық мектеп ашылды. Мұнда соғыс жылдары фашистер басып алған қалалардан көшірілген адамдар сабақ берді. Сол кезде жеңіске жетуге әлі бір жарым жыл уақыт бар кез еді, қаланы аштық пен суық жалмады, алайда қала тұрғындары Жеңістен үміттерін үзбей, өз балаларын музыканы оқуға берді.

1994 жылы академик Зейнолла Қабдоловқа «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

1994 жылы әнші Мақпал Жүнісоваға «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді.

1996 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Шет елдерде тұрып жатқан отандастарымызды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама» бекітілді.

2004 жылы Алматыда Қазақстанның тарихы, мәдениеті және өнері туралы «World Discovery Kazakhstan» журналының бірінші саны жарық көрді. Жаңа журналда тарих, мәдениет, қазіргі Қазақстан қоғамы туралы түрлі тақырыптар қозғалды.

2007 жылы Шығыс Қазақстандағы Шүлбі кентінде жаңа балалар үйі ашылды.  20 мың шаршы метрден астам аумақты алып жатқан балалар үйі 160 орынға есептелген.

2009 жылы Талдықорғанда алғаш рет жалпы көлемі 1505 мың шаршы метрді құрайтын, республикалық бюджет есебінен салынған 20 пәтерлі үй жалға берілді. 

Жалдамалы үйден аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналар, мемлекеттік қызметшілер, бюджет қызметкерлері мен ұзақ жылдар бойы үйдің кезегінде тұрған азаматтар пәтер алды. Коммуналдық төлемдерді есептемегенде пәтерді жалға алу құны 4 мыңнан 12 мың теңгеге дейінгі аралықта.

2009 жылы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылындағы мектепке ғалым-агроном Қылыш Бабаевтың есімі берілді
Қылыш Бабаев (1913-1948) - ауыл шаруашылығы саласындағы ғылым қайраткері. 1943 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағын алды. В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтын басқарды. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.

2010 жылы «Л.Н.Гумилев атындағы түлектер қауымдастығы» 2 жаңа кітап шығарды: «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы азаматтық қоғамның даму кезеңінде» және «Бауыржан Момышұлы - соғыс батыры және елінің патриоты». Кітаптарды шығаруда құқық, саясаттану, экономика, әлеуметтану, Қазақстан тарихы салаларындағы мамандар жұмыс істеді. Екі кітап та 1000 дана тиражбен шықты.

2012 жылы Павлодар мұнай-химия зауыты жаңа мөлшерлік және сапалы жұмыс нәтижесіне көшті.

2014 жылы қоғамның түрлі әлеуметтік маңызды салаларын жарыққа шығаруға үлес қосқаны үшін журналист, «ҚазАқпарат» ХАА Алматы тілшілер бюросының басшысы Сара Мұстафинаға «Бес қару» заңды тұлғалар бірлестігі алтын медаль табыстады.

2014 жылы Атырауда облыстық сотта сот жүйесінің музейі ашылды.

1857 жылы ағылшын патшайымы Викторияның Жарлығы бойынша Оттава Канада астанасы атанды.

1869 жылы жаңа 1870 жылды қарсы алуға бірнеше сағат қалғанда ағылшын сәулетшісі, инженер және әуесқой сәулетші Джон Вуд Измирден (Түркия) оңтүстікке қарай үйіндінің астынан жеті метр тереңдіктен аты аңызға айналған көне дүниенің жеті кереметінің бірі - Артемида храмын тапты.  

1938 жылы Индианаполисте дәрігер Харгер жүргізушілердің алкогольдік ішімдікті пайдаланғанын үрлеу арқылы анықтайтын алғашқы құрылғыны (бухометр) ресми таныстырды.

1999 жылы Борис Николаевич Ельцин Ресей Федерациясы президенті лауазымынан отставкаға кететінін ресми түрде жариялады. Президент міндетін атқарушы болып үкімет төрағасы Владимир Владимирович Путин тағайындалды.

ЕСІМДЕР

null 104 жыл бұрын (1913-1975) әдебиетші-ғалым ЖИРЕНШИН Әбусағит Мұсылманқұлұлы дүниеге келді.

Ол Қазақстан ғылыми-зерттеу қоғамының төрағасы, Қазақ КСР Орталық мұражайының директоры, Қазақстан Мемлекеттік кітапханасының директоры болып, Республикалық кітап сауда бірлестігін басқарған. Оның «Абай - қазақ халқының ойшылы», «Абай және орыстың ұлы демократтары», «Қазақ кітаптарының тарихынан» атты монографиялық еңбектері жарық көрген.








null 103 жыл бұрын (1914-1974) жазушы, аудармашы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты САТЫБАЛДИЕВ Әбен дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1939-1962 жылдары - «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, «Ара» - «Шмель» журналының жауапты хатшысы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы. 1968-1974 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакторының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. «Рухани қазына» ғылыми еңбектер жинағының, «Ақмарал» әңгіме, очерктер жинағының авторы. И.Гончаровтың «Жар» романын, Б.Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз», Ф.Гладковтың «Балалық шақ» повестерін, А.Қаһардың «Қыштақ», Ш.Рашидовтың «Дауылдан да күшті» романдарын қазақ тіліне аударған.

93 жыл бұрын (1924-1991) ғалым, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор БИСЕНОВА Ғафура Нұрғалиқызы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында туған. Орал педагогикалық институтын (М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет), Алматы консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. Орал педагогикалық институты физика-математика факультетінің оқытушысы болған. 1953-1967 жылдары - Қазақ радиосының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы. 1967 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, қазақ музыкасы мен фольклоры кафедрасының профессоры қызметтерін атқарған.

Ғылыми еңбектері қазақтың халық музыкасын зерттеуге, негізінен Абайдың ән шығармашылығына арналған.

92 жыл бұрын (1925-1997) музыкатанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері РСАЛДИН Жиенбек Жұманбайұлы дүниеге келді. 
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған. Қарағанды педагогикалық институтын, Алматы мемлекеттік консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) және оның аспирантурасын бітірген.
1958-1966 жылдары - Қазақ телевизиясы мен радиосының музыкалық редакторы, бас редакторы және көркемдік жетекшісі. 1966-1968 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Әдебиет жене өнер институтының кіші ғылыми қызметкері. 1968-1971 жылдары - Қазақ энциклопедиясы Өнер және сәулет редакциясының меңгерушісі. 1971-1975 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінің нұсқаушысы. 1975-1984 жылдары - Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің директоры. 1984 жылдан Қазақ КСР Орталық Мемлекеттік мұражайының музыка мәдениеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 

Мәдениет саласы бойынша ғылыми-зерттеу еңбектердің, кітаптардың, брошюра, мақалалардың авторы. Біржан сал, Құрманғазы сияқты әнші, күйшілердің шығармаларын зерттеген. «Қазақстан композиторларының ән творчествосы», «Ахмет Жұбанов», «Алтыншаш», «Қыз Жібек», «Әннен-операға», «Әнші бақыты» атты еңбектері жарық көрген.

null 67 жыл бұрын (1950) Қазақстан Ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты ИБРАЕВ Шәкір дүниеге келді.

Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. 

Еңбек жолын Қазақ КСР Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтының аға лаборанты, кіші ғылыми қызметкері болып бастаған. 1982-1989 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті. 1989-1995 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясы Әдебиет және өнер институты жанындағы Ғылыми қолжазбалар орталығының жетекшісі. 1995-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры. 2000-2001 жылдары - Эгей университетінің профессоры (Түркия). 2001-2003 жылдары - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті (проректоры). 2003-2007 жылдары - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы ғылыми орталықтың директоры қызметтерін атқарған. 2007-2010 жылдары - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры.

«Қазақ эпосы», «Эпос әлемі», «Қорқыт ата кітабы» атты кітаптардың және 60-тан астам ғылыми жарияланымның авторы. «Түркі әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, Халықаралық Шығыстану қоғамдастығының мүшесі, Халықаралық Фольклор комитетінің мүшесі. 2002 жылдан «Түркология» халықаралық журналының бас редакторы, Шыңғыс Айтматов Халықаралық қоғамдық академиясының нақты мүшесі, 2004 жылдан Түркі әлемі қауымдастығының атқарушы директоры. 2010 жылдың 10 қарашасында Халықаралық түркі академиясының президенті болып сайланды. 
20-дан астам Халықаралық конгрестер мен ғылыми-теориялық конференцияларға қатысқан. 120-дан астам ғылыми мақалалары мен баяндамаларының, 7 монографияның авторы, 10-нан астам ғылыми жинақтарды басып шығарған.

Соңғы жаңалықтар