300 павлодарлық өнерпаз Жаяу Мұсаның «Құм жылан» күйін орындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда өтіп жатқан «Ұлы дала фестивалінде» тұңғыш рет үлкен сахнада 300 өнерпаз Жаяу Мұса Байжанұлының «Құм жылан» күйін орындады, деп хабарлады pavlodarnews.kz .

«Бүгін күй тартқан 300 домбырашы Павлодар облысының барлық аудандары мен қалаларынан жиналды», - дейді облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени- сауық орталығының директоры Риза Аяпбергенова. - Әр ауданан 15-18 күйшіден, Екібастұз, Ақсу, Павлодар қалаларынан 40-қа тарта домбырашы шақыртылды. Олар өздерінің жетекшілерімен тамыз айының басында дайындықтарын бастады. Күйшілердің ең кішкентайы тоғыз жаста болса, ең үлкен өнерпаз 60-та. Жергілікті композитор Жаяу Мұса Байжанұлының «Құм жылан» күйі үлкен сахнада бірінші рет орындалды. Көпшілік қауымның көңілінен шықты деп ойлаймын,- дейді ол.

null 

 Жергілікті домбырашылар өнер көрсетіп болған соң, сахна төріне қазақстандық өнер жұлдыздары «Ұлытау» тобы көтеріліп, күйден шашу шашты.

null 

Соңғы жаңалықтар