300-ге жуық кадет ант қабылдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында 2016 жылы қабылданған бірінші курстың кадеттерін әскери антқа келтіру жөнінде салтанатты іс-шара өткізілді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі кездегі әскери антқа келтіру рәсімі кадеттер үшін атаулы күн болып есептелінеді. Себебі, олар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Кадет корпусының құрылуының 20 жылдығында оқуға түсті. Салтанатты жағдайда 282 кадет әскери ант қабылдады.

«Ақмола облысы Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекеттік және әскери қайраткерлері, Кеңес Одағының батырлары Мәлік Ғабдуллин мен Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов секілді батырларын мақтан тұтады.  Олар өздерінің ұстанымдарына берік жалынды патриоттар, өз өмірлерін Отанға қызмет етуге сарп еткен өз істерінің кәсіпқойлары болды. Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери ант қабылдаған кадеттер өздерінің оқуларын абыроймен аяқтап, мемлекетіміздің қорғаныс қабілеттілігіне титтей де болса үлестерін қосатынына сенім білдіреді», - деді Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Жанат Ережепов.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы - командирлердің бірінші көмекшілері болатын сержанттар құрамының жоғары білікті әскери қызметшілерін даярлау бойынша Орта Азиядағы бірден-бір оқу орны. 

кадеты кадеты  

 

Соңғы жаңалықтар